Шынықсаң шымыр боласың » М.Мақсатов атындағы Ұзынтам орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Мақсатов атындағы Ұзынтам негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 35-0-25
Есепші бөлімі:
+7(72778) 35-0-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
февраль
2022

Шынықсаң шымыр боласың

Шынықсаң - шымыр боласың
Шынығудың маңызы. Организмнің шынығуы деп температураның күрт өзгеруіне және басқа да метеорологиялық жағдайларға қарай оның тұрақтылығының артуын айтады. Табиғаттың жаратылыс күштері - күн, ауа және су - дененің үстіңгі жағына ықпал жасай отырып, тері қыртысының негізгі қабатындағы клеткалардың жылдам көбеюін туғызады, мұның өзі терінің қалындауына және биологиялық активті заттардың қарқынмен пайда болуына алып келеді. Бұл заттар қанмен бірге барлық мүшелерге таралып, олардың қызметін күшейтеді. Бүкіл организмнің қызметіне ықпал етуде, тері рецепторларының, әсіресе суық және жылу рецепторларының сол жерде тітіркенудің маңызы одан да жоғары. Сондағы пайда болған, көбі терморегуляцияға байланысты болып келетін афферентті импульстардың ағымы рефлекстердің көзіне айналады және орталық нерв системасы қозуының күшеюіне, сөйтіп жалпы зат алмасу процестерінің артуына алып келеді.Табиғаттың жаратылыс күштерін жүйелі тым асырып жібермей пайдалану адамның бұлшық ет және ойлау жұмыс қабілетін арттырады, сондай-ақ жұқпалы аурулардың жұғуын төмендетеді. Организмді сыртқы температураның өзгеруіне, әсересе оның төмендеуіне дағдыландыру, терідегі тамырлар реакциясының өз бетінше жаттығуы іспеттес болып келеді. Шынықтырудың нәтижесінде организмде болатын өзгерістер, баяу және біртіндеп дамиды. Егер организмді сонау жас кезден шынықтыратын болса ғана, жоғары нәтижеге жетуге болады. Шыныққан балалардың, әдетте денсаулығы, тәбеті жақсы, салмақты, әрі ұстамды болады, сергектігімен, жарқындылығымен, жұмысқа қабілеттілігімен ерекшеленеді.
Шынықтыру ережелері. Шынықтыру шаралары жағымды нәтижелер беруі үшін, оларды қолданудың дұрыс жүйесін сақтау қажет. Шынықтырудың ең басты принципі - тітіркендіруді біртіндеп ұлғайту болып табылады. Алғашқы шынықтыру шараларының әсері мен ұзақтылығы, баланың организмінде болар - болмас өзгеріс әкелетіндей болуы керек. Баланы шынықтыру процедураларына бейімделуіне қарай оның қарқыны мен ұзақтылығын сақтықпен ұлғайтуға болады.
Әр түрлі процедураларды дәйектілікпен және жүйелі қолданудың маңызы ешбір кем болмайды. Мысалы, бала ауа ваннасына әбден үйренгеннен кейін барып, су процедурасы мен күн ваннасына көшкен жөн. Балаларды салқын сумен ысқылап үйретпейінше құйынуға, сол сияқты оларды құйынуға үйретпейінше – ашық суаттарға жіберуге болмайды. Басталған процедураларды, бала организмінде осыған дейін байқалған дұрыс өзгерістерді төмендетіп алмау үшін, негізсіз, бекер босқа үзіп тастамау керек.
Егер балалар аз қыдыратын болса, тым жылы киінсе, ыссы, нашар желдетілетін үйлерде жататын болса, онда шынықтыру процедуралары қажетті нәтижелер бермейді. Табиғи жағдайларға, маусымдарға және ауа райына сәйкес комплексті шынықтыру процедураларын жүргізген жөн. Мысалы: ауа ваннасы күн және су процедураларымен, ал жазғы мерзімде — ашық суаттарда шомылдырумен қатар жүргізген жақсы. Шынықтыруды баланың денсаулығын, сондай-ақ күш-қайраты мен психологиялық дамуын ескере отырып жүргізген жөн. Балаларды денсаулығына қарай 3 топқа бөледі. 1 топқа - негізінен денсаулығы жақсы балалар жатады, олармен шынықтыру процедураларының толық комплексін өткізуге болады.


  1. топқа - жуырда ғана ауырып тұрған немесе жоғары тыныс жолдары қатарға кілегей қабығының қабынуы, баспа және басқа да тұмау ауруларына жиі ұшырайтын балалар жатады, бұлармен шынықтыру процедураларын шектеп жүргізеді. 3 - топқа жедел немесе созылмалы асқынған процестерден құлақтың, бүйректің, буындардың және т.б. қабынуы зардап шегетін, жүрегінде ақауы бар, сондай - ақ ішек-қарын ауруларына ұшырған балалар жатады. Балалар ұжымында мұндай балалармен шынықтыру шараларын жүргізуге болмайды. Олармен шынықтыру жұмыстары жеке-жеке жүргізіледі. Шынықтырудың нәтижесі көбіне оған балалардың қалай қарайтындығына байланысты. Процедурадан шошыну, оны күштеп жасату дұрыс нәтижеге жеткізбейді. Процедураларды қалай жүргізуді әбден ойлап алу және дұрыс ұйымдастыру, балалардың бойында жағымды эмоциялар туғызатындай етіп жүйеге келтіру аса маңызды.