Отбасында баланы еңбекке баулу » М.Мақсатов атындағы Ұзынтам орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Мақсатов атындағы Ұзынтам негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 35-0-25
Есепші бөлімі:
+7(72778) 35-0-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Отбасында баланы еңбекке баулу
06
апрель
2022

Отбасында баланы еңбекке баулу

Ата- анаға кеңес
Ел боламын десең, бесігіңді түзе
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей отбасында ата-ананың, басқа да ересек адамдардың өзара қарым-қатынасының балаға, әсіресе ұлына әкесінің, қызына шешесінің ықпалы көп әсер ететіні, белгілі. Олардың әрқайсысының өзіне тән қасиеті, еңбекке, өмірге, өзге адамдарға көзқарасы, қай ортада болмасын өзін-өзі ұстауы бала үшін бірден-бір өнеге. Өйткені дүние танымы, сана сезімі, өмірге көзқарасы әлі қалыптасып болмаған сәби үшін күнде көріп жүрген өз жақындарынан асқан үлгі жоқ. Егер әрбір отбасының өзіндік тіршілік дағдысы, қалыптасқан күнделікті әдеті барын ескерсек өзін айнытпай қайталайтын бала барына барынша мән беруге тура келеді. Алайда өмірде өзіміз көріп жүргеніміздей кейбір ата-аналар балаға сөз жүзінде ақыл-кеңес айтқан болғанымен күнделікті іс-әрекеті кезінде үйдегі тәрбие иесі екенін көп жағдайда ескере бермейді. Мәселен үй иесі ер адам күнде жұмыстан келгең соң жантап жатып теледидар көруді, газет-журнал оқудан басқа ешнәрсемен айналыспаса әсіресе, баламен шаруасы болмаса, оны көрген ұлының зердесінде ер адамның үйдегі міндеті осы екен деген үғым қалыптаспай ма?Әр отбасының қалыптасқан әдет-дағдысы, ережесі, ұстанған үлгісі, көзқарасы бір-біріне ұқсамайды.
Бір үйде әкенің рөлі басымдай болса, екінші бір үйде шешенің айтқаны заң екені байқалады. Осындай әр түрлі жағдайда тәрбиеленген сәбилердің де мінез-құлық дағдылары түрлі болып келетіні мәлім. Бұған қарағанда ерлі-зайыптылар күнделікті тіршілігінде қарым-қатынасы мен сыйласымда өздерінің бала өсіріп, оларға үлгі көрсетіп отырғанына онша мән бермейтіні де байқалады. Негізінде отбасындағы ересектердің әрбір іс-әрекеті, сөзі, араласатын адамдармен қарым-қатынасы олар жайындағы пікірлері бәрі-бәрі балаға өнеге. Соған қарай баланың тәрбиесі, жалпы өмірге деген көзқарасы қалыптасады. Айталық үйде ата-ана уақытты мазмұнсыз бос сөз, біреулерді сыртынан жеңіл-желпі әңгіме етумен немесе өзара бірін-бірі, іліп-қағып, кекетіп сөйлеп, өзгелер туралы ғайбат сөздер айтумен өткізсе бұның бәрі баланың мінезіне кері әсер етеді.
Еріншек, босбелбеу, ешнәрсеге қырсыз балалар осындай ортадан өсіп шығады. Ерлі-зайыптылардың, бірін-бірі сыйлауы, әрқайсысы өз орнын білуі, татулығы, бір сөзділігі, өнегелі бала тәрбиелеуге көп септігін тигізеді. Әсіресе отбасы иесі - ер адамның орны бөлек.
Өз басын дұрыс алып жүретін мәдениетті, білімді, ұстамды, ер адамдар үйде де, түздеде сыйлы, құрметті. Оның беделінің өзі баланың үйде тәртіпке бағынуына үлкен себеп. Осыны ескермей, кейде әйелдер баланың, бөгде адамның көзінше ер адам беделіне нұқсан келтіретіндей «әй, осы сен бөспей жайыңа отыршы, сені басқалар білмесе де, мен білемін ғой» дегендей есеп бермей сөйлей салу, жігерін құм ету әдеті кездеседі. Әкесінің үй-ішінде беделі жоқ болса, сөзі өрге баспай, үнемі ұнжырғасы түсіп жүрсе оны көрген балалары әкені сыйлап, сөзін тыңдай қоя ма? Әрине, өмірде бұған мүлде керісінше бірін-бірі сыйлап, қолдап-қолпаштап, көтермелеп, демеу болып жүретін ата-аналарда баршылық. Мұндай ортадан тәрбие көрген балалары да аққудың көгілдіріндей әсем, әдепті де байсалды, биязы, еркін болып өседі. Демек, ерлі-зайыптылардың өзара сыйласып, үндесуі, түсінісе өмір кешуі, бала өсіруде үлкен тәрбие бесігі. Кейде баланың кейбір оғаш қылықтарына анасы кейіп, ескерту жасаса, әкесі оған қарсы шығып баланы жақтайтын кездері болады. Әкеден қолдау көрген бала сол әдеті қайталамайды деуге бола ма?
Кейбір отбасында бір үйдегі балаларын ата-анасының мынау менің балам, мынау сенің балаң деп «бөліп» алатын кездері де болады. Бірінші ұл менікі, ана кенже қызым шешесінікі деп отырған талай ата-ананы көрдік. Олардың өздерінің «жеке меншік» балаларына екінші біреуінің ұрсып, ескерту жасап, жұмысқа жұмсауына рұқсат етпейді. Менің баламда жұмысың болмасын. Оқымаса-оқымай-ақ қойсын, өзім асыраймын деп әкесі шықса. - Әй, осы, менің қызымда не шаруаларың бар. Бұл не істеседе жарасады. Сен қоқаңдамай жайыңа отыр - деп шешесі қарсы шығады.
Осындай әрқайсысы «жеке мемлекет» болып отырған мықтылардан қандай тәрбие алуға болады.

Ата - анаға кеңес
Компьютержанды балалар
Онға дейін санауды жаңа үйренген бүлдіршіннің саусақтары компьютер клавиатурасын басса көз ілестірмейді. Бұлар - жаңа ұрпақ. 6-17 жас аралығында екі баланың бірі компьютердің не екенін жақсы білетіні ендігі ешкімге тән емес.
Оның сиқыры неде?
Компьютер - кез келген уақытта ойнауға болатын жолдас. Онда көңілсіздік пен қамығу деген болмайды. Оған қол тигізуге балалар қорықпайды. Тышқанды ұстап, сиқырлы жәшіктің барлық мүмкіндіктерін көріп шығуға болады. Олар компьютерге есеюдің маңызды алғышарты ретінде қарайды. Себебі олар біздің - үлкендердің осы техникада жұмыс істейтінін күнде көреді. Үйінде компьютері бар балалар тіптен бақытты. Ал бағдарлама жасаушылардың айтуынша компьютермен жұмыс істеуді бастау ешқашан ерте емес. Тіпті екі жасар балаға да арналған ойындар бар. Ондай ойындар бөбектің жылдам дамуына септігін тигізеді. Алайда, педагогтар екі жасар бөбектің компьютер алдында отыруына бір ауыздан қарсылық білдіреді. Компьютерде отыруды бастауға ең қолайлы шақ мектепке даярлық уақыты - 6 жас деліңді.
Тұрақты бақылау қажет пе? Достармен араласу, театрға бару секілді сүйікті іске жұмсаған уақыттан көп жұмсауға болмайды. Мұның мәнісі тіпті уақытта да емес, компьютерге деген дұрыс қарым-қатынаста. Дамытушы не ойын бағдарламалары баланың жасына сай келсе күніне екі сағат отырудан ешбір зиян келмейді. Керісінше баланың шығармашылық кабілеті мен білуге құштарлығын және оқуға ынтасын арттырады. Бірақ компьютер - баланың тәрбиешісі емес. Ата-ана баламен бірге отыру керек. Бала компьютерді игеріп алған соң кейде жалғыз өзін қалдыруға болады. Интернет деген бала үшін кереметтің нағыз өзі. Мұнда, бірақ бақылап отыру керек-ақ. Балалар одан ойынның, зерттеудің, құрбы-құрдастармен сұхбаттасудың түр-түрін табады. Бірақ әрнені қызықтап отырған бала порнографиялық материалдарға елігіп немесе «күңгірг» тұлғалармен тілдесіп кетуі мүмкін. Сол себепті балаңызға киберкеңістікте саяхаттауға рұқсат бермес бұрын маңызды тұстарды ескертіп қою керек: интернетке кіру уақытын, кімдермен хабарласайын деп жатқанын сұраңыз, беталды үйдің мекен-жайы мен телефонын беруге тыйым салыңыз.

Похожие публикации:

29 март 2022 еңбекке баулу
15 апрель 2022 PIRLS тапсырмалары