химия пәні бойынша тақрыптық жоспар » М.Мақсатов атындағы Ұзынтам орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Мақсатов атындағы Ұзынтам негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 35-0-25
Есепші бөлімі:
+7(72778) 35-0-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
ноябрь
2021

химия пәні бойынша тақрыптық жоспар

                  

                    БЕКІТЕМІН:                                                     КЕЛІСЕМІН:                                                      

                    мектеп директоры                                           директордың әдістемелік ісі                             

                    Абдрахманов.А.А.                                          жөніндегі орынбасары                                       

                                                                                                 Тохсунов А.А.                                                        


 «31» тамыз  2021ж.                                                  «31»тамыз 2021ж.                                                        








КҮНТІЗБЕЛІК – ТАҚЫРЫПТЫҚ  ЖОСПАРЛАУ


                                     Мұғалім:  Сунурова Шахизада Турдугожаевна

                                     Облыс, қала, аудан,  ауыл:  Алматы, Ұйғыр,Узунтам

                                     Мектеп: «Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі»

                                                        мемлекеттік мекемесінің «М.Мақсатов атындағы Ұзынтам негізгі мектеп» КММ

                                     Сынып: 7-сыныптар 

                                     Пән: химия








2021-2022 оқу жылы


МҰҒАЛІМ күнтізбесі



ІХ


Х


ХІ


XII


І


ІІ


ІІІ


ІV


V


ЖЫЛ БОЙЫ












І ТОҚСАН


ІІ ТОҚСАН


ІІІ ТОҚСАН


ІV ТОҚСАН


ЖЫЛ БОЙЫ

8,5 апта

7,5 апта

10 апта

8 апта

34 апта
















                                        ДЕМАЛЫСТАР



КҮЗГІ                 01 .11.21 -07 .11.21


ҚЫСҚЫ            30.12.20  - 09.01.22


КӨКТКЕМГІ    19.03.22 - 30.03.22


ҚОСЫМША      ___________________


( 1-ШІ СЫНЫПТАР ҮШІН)      __________________________


ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫ             25.05.22





САБАҚТАР МЕН ҮЗІЛІСТЕР КЕСТЕСІ


І жартыжылдық


Сабақ

 №

Сағат


Үзіліс-тер

ДС.

СС.

СР.

БС.

ЖМ.

СН.

Сынып 

1

800- 845

5 мин



8




2

850- 935

5 мин







3

940- 1025

10 мин







4

1035-1120

5 мин







5

1125-1210

5 мин




8



6

1215-1300

5 мин.







7

1305-1350

5 мин







І – аусым 































ІІ – ауысым       




Сабақ

 №


Сағат



Үзіліс-тер

ДС.

СС.

СР.

БС.

ЖМ.

СН.


Сынып 

1

1330-1415

5мин







2

1420-1505

5 мин







3

1510-1555

10 мин







4

1605-1650

5 мин







5

1655-1740

5 мин

7






6

1745-1830

5 мин







7

1835-1920









 

МҰҒАЛІМ ЖҮКТЕМЕСІ


                ПӘН


СЫНЫП


ХИМИЯ


СЫНЫПТАҒЫ САҒАТ САНЫ

САҒАТ САНЫ

7 а

1

1

2

2

    

БАРЛЫҒЫ:


3


3






































Түсінік хат


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ 2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ» ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТЫ


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы

№ 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес тұлғаны жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету қажет.

2021-2022 оқу жылында білім беруді ұйымдастыруда келесі міндеттерге назар аудару керек:

  • білім алушылардың білімін толықтыру;
  • оқу жүктемесі төмендетілген ҮОЖ-ын жүзеге асыру;
  • қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасымен қамтамасыз ету;
  • цифрлық инфрақұрылыммен және ресурс--ввтармен жабдықтау.

Әрбір білім беру ұйымының міндеті – білім алушының тұлғалық үйлесімді қалыптасуыфункционалды сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің дамуы үшін қолайлыжалпыадамзаттықұлттық құндылықтарға негізделген білім беру ортасын құру.


1. ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ НЕГІЗГІ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРІ

2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдары білім беру процесін ұйымдастыру кезінде «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа алуы және оқу-тәрбие процесін келесі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асыруы тиіс:

«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБСҚР БҒМ (бұдан әрі – ҚР БҒМ) 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы (өзгерістермен және толықтырулармен 2020 жылғы 28 тамыздағы №372 бұйрықhttps://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017669;

«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердіңтаңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы (өзгерістермен және толықтыруларымен 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496с бұйрықhttps://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1300008424;

  • «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық тасымалдау құралдары тізбесін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2021 жылғы 10 маусымдағы №286 бұйрығы);
  • «ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығы;

–«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығы;

  • «Арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 бұйрығы;
  • «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 қарашадағы № 596 бұйрығы (өзгерістермен 2018 жылғы

21 қыркүйектегі № 477 бұйрық);

  • «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 қаңтардағы №70 бұйрығы (өзгерістер мен толықтыруларымен 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №662 бұйрық);
  • «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2016 жылғы 27 қаңтардағы

№ 83 бұйрығы;

  • «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы;
  • «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 13 тамыздағы

№ 345 бұйрығы;

  • «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2015 жылғы 20 наурыздағы

№ 137 бұйрығына  өзгеріс енгізу туралы ҚР БҒМ 2020 жылғы 28 тамыздағы

№ 374 бұйрығы;

  • «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметін ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ міндетін атқарушының 2008 жылғы 16 мамырдағы № 272 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ҚР БҒМ 2020 жылғы 2 сәуірдегі №125 бұйрығы;
  • «Педагог  лауазымдарының  тізбесін  бекіту   туралы»   ҚР   БҒМ 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығы;
  • «Педагогтің жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің ерекшеліктерін айқындау қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 153 бұйрығы;
  • «Педагогтік қайта даярлау қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 17 наурыздағы № 110 бұйрығы;
  • «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2015                      жылғы               16                қаңтардағы                     №      12       бұйрығы          (өзгерістерімен            және толықтыруларымен ҚР БҒМ 2020 жылғы 23 сәуірдегі №157 бұйрығы);
  • «Үздік педагог» атағын иеленушіге сыйақы төлеу қағидаларын және оның  мөлшерін  бекіту   туралы»   Қазақстан    Республикасы    Үкіметінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 204 қаулысы;
  • «Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге                 қойылатын                  талаптарды бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 160 бұйрығы;
  • «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығы (өзгерістерімен және толықтыруларымен ҚР БҒМ 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 169 бұйрығы);
  • «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» (өзгерістерімен және толықтыруларымен ҚР БҒМ 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығы);
  • «Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 11 мамырдағы № 192 бұйрығы;


  • МЖМБС, Үлгілік оқу жоспарлары, Үлгілік оқу бағдарламалары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының www.nao.kz сайтында орналастырылған.
  • Орта білім беру ұйымдарының әкімшілігінде МЖМБС, үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу бағдарламаларының бір данада шығарылған қағаз нұсқасы болуы керек.
  • Педагогтер МЖМБС, Үлгілік оқу жоспарлары, Үлгілік оқу бағдарламаларының электронды нұсқасымен жұмыс жүргізе алады.
 
 


2021-2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы, каникул кезеңі орта білім беру ұйымдарында меншік нысаны мен ведомостволық бағыныстылығына қарамастан «Орта білім беру ұйымдарында 2020-2021 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» ҚР БҒМ 2021 жылғы 27 шілдедегі № 368 бұйрығымен бекітілген:


  1. 2021-2022 оқу жылының басталуы – 2021 жылғы 1 қыркүйек;
  2. оқу жылының ұзақтығы: 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12) сыныптарда – 34 оқу аптасы;
  3. оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері:

1-11 (12) сыныптарда:

күзгі – 7 күн (2021 жылғы 1-7 қарашаны қоса алғанда),

қысқы – 11 күн (2021 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда),

көктемгі-12 күн (2022 жылғы 19-30 наурызды қоса алғанда);

1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпанды қоса алғанда).

 

2-11               (12)      сыныптарда         сабақтың сыныптардың  оқу     сабақтарының

ұзақтығы режимі:

    45     минут.

қыркүйекте

Бірінші күніне

35 минуттан үш сабақ, қазан айынан бастап Санитариялық қағидаларға сәйкес көз шынықтыру жаттығулары мен гимнастикаларын жасай отырып 45 минуттан өткізіледі (www.nao.kz).

«Меншік  нысаны  мен   ведомстволық  бағыныстылығына  қарамастан,

бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі, білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау, балаларды бастауыш білім беру ұйымдары арасында ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау, негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы

12 қазандағы № 564 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады (2020 жылғы

7 тамыздағы №332 өзгерістерімен және толықтыруларыменhttps://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017553.



 

Бірінші сыныпқа қабылдау кезінде жалпы білім беретін мектептерде қабылдау емтихандарын, тестілеуді өткізуге жол берілмейді.


Білім беру ұйымдарындағы оқу процесі таңдап алынған Үлгілік оқу жоспарлары негізінде жүргізіледі.


Үлгілік оқу жоспарлары ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген (2021 жылғы 25 наурыздағы № 125 бұйрықпен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен) 2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығына сәйкес бекітілген).

ТАҢДАУ ҮШІН 2018 ЖЫЛДАН БАСТАП ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН ҮЛГІЛІК ОҚУ ЖОСПАРЛАРЫ ҰСЫНЫЛАДЫ   (ҚР БҒМ

2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығы (2021 жылғы 26 наурыздағы №125 бұйрықпен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген).


«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ                                                                                          


Жаратылыстануды оқыту білім алушылардың бойында табиғат құбылыстары мен заңдылықтары туралы ұғым қалыптастырады, табиғатты танудың ғылыми әдістерін ашады, тәжірибеге бағдарланған дағдыларды дамытып, тұлғалық сапасын және құндылықтар жүйесін қалыптастырады.

7-сыныптан бастап білім саласы құрамына жаратылыстану білім беру бағытының: «География», «Биология» «Физика» және «Химия» пәндері кіреді.

Қазіргі жаратылыстану-ғылыми білім берудің мақсаты – табиғат құбылыстарын зерттеуде жүйелілік, сабақтастық принциптерін түсіну, ғылыми парадигманың өзгеруі жағдайында ғылыми дүниетаным мен әлемнің заманауи көрінісін қалыптастыру.

Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары білім алушыларда міндеттерді анықтау, бақылау, болжау, жіктеу, талдау сияқты табиғатты танып, білу дағдыларын қалыптастырады.

Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен (2021 жылғы 26 наурыздағы № 125 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) жүзеге асырылады. Атап айтқанда, жаңартылған мазмұнның Үлгілік оқу жоспарлары және төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары.

«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдары меншік түрі мен нысанына қарамастан, үлгілік оқу жоспарын, оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын қысқартылған оқу жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарларын дербес таңдап алады.

Үлгілік оқу жоспарының түріне байланысты негізгі орта білім беру деңгейінде «Жаратылыстану», «География», «Биология» «Физика» және

«Химия» оқу пәндерін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі әртүрлі (48-кесте).

  • кесте. Оқу жүктемесінің көлемі



Пәннің атауы



Сынып

Жалпы жүктеме, сағат

Үлгілік оқу жоспары (жаңартылған мазмұн)

Үлгілік        оқу       жоспары (төмендетілген                 оқу

жүктемесімен)

апталық

жылдық

апталық

жылдық

Жаратылыстану

5

2

68

1

34

6

2

68

1

34

Физика

7

2

68

1

34

8

2

68

1

34

Химия

7

1

34

1

34

8

2

68

1

34

Биология

7

2

68

1

34

8

2

68

1

34

География

7

2

68

1

34

8

2

68

1

34


«Физика», «Химия», «Биология» және «География» пәндері бойынша оқу бағдарламаларында қарастырылатын зертханалық, практикалық жұмыстар, модельдеу міндетті түрде жүргізілуі тиіс, себебі бұл әрекет білім алушылардың ізденіс дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Демонстрациялық жұмыстардан басқа барлық жұмыстар бағаланады. Демонстрациялық жұмысты орындау үшін мұғалім кез келген ақпарат көзін пайдалана алады.

«Химия» оқу пәні

Химия – заттар, олардың қасиеттері, құрылымы және олардың бір-біріне айналуы туралы ғылым.

   Химия органикалық және бейорганикалық заттардың құрамын, заттардың құрылымын, заттардың өзара әрекеттесу қабілетін зерттейді және химиялық энергияның жылу, электр, жарық тағы басқа энергияларға өту құбылыстарын зерттейді.

7-9-сыныптарда «Химия» оқу пәнінің төмендетілген оқу жүктемесі бойынша әзірленген Үлгілік оқу бағдарламасында  жаңартылған мазмұндағы

Үлгілік оқу бағдарламасында қарастырылатын бөлімдер толығымен сақталған, тек оқу мақсаттарының, зертханалық жұмыстар мен көрсетілімдердің санында айырмашылықтар бар (54-кесте).


  • кесте. Зертханалық жұмыстар мен модельдеу саны

Сынып

Оқу мақсаттарының саны

Зертханалық жұмыстар саны

Практикалық жұмыстар саны

Жаңартыл ған мазмұн дағы ҮОЖ

Жүктеме сі төмен детілген ҮОЖ

Жаңартыл ған мазмұн дағы ҮОЖ

Жүктеме сі төмен детілген ҮОЖ

Жаңартыл ған мазмұн дағы ҮОЖ

Жүктеме сі төмен детілген ҮОЖ

7

49


11


4


8

72

51

10

9

7

4


Тәжірибелік дағдыны дамытуға арналған тәсілдердің бірі – демонстрация. Демонстрацияны жүргізу мыналарды қамтуы мүмкін:

  1. қауіпсіздік: кейбір жұмыстарды топпен орындаудың қауіптілігі жоғары болуы мүмкін;
  2. уақыт: демонстрациялар әдетте аз уақытты алады;
  3. нәтиже: кейбір нәтижелерге қол жеткізу қиын және білім алушылардың білім деңгейінен жоғары болуы мүмкін.

Сәтсіз шыққан тәжірибені уақытты ысырап ету ретінде қарастыруға болады.

Мұғалімнің                        демонстрация         жасауы      тиімді,      бірақ     білім алушылардың көпшілігі практикалық эксперименттерді ұнататынын есте сақтаған жөн.

Білім алушылар:

  • нәтижелерді қалай бағалауды және қорытынды жасауды;
  • тәжірибелік өлшемдердегі ауытқуларды анықтауды;
  • тәжірибелік процедуралардағы шектеулерді;
  • өлшеу мен деректердің дәлдігін;
  • процедуралар мен аппаратураларды жақсартуды меңгеруі тиіс.

«Химия» пәнін ұйымдастырудағы міндеттердің бірі білім алушылардың оқу пәндері бойынша алған білімдерін күнделікті өмірде қолдану және тәжірибеге бағытталған біліктілігі мен дағдыларын дамыту. Химия сабақтарында жүргізілетін практикалық және зертханалық жұмыстар талдауға, жинақтауға, бағалауға, болжауға, есептеуге, түсіндіруге, құбылыстар мен процестердің сапалық және сандық сипаттарын анықтауға, жобалық тапсырмалар орындауға, тәжірибелер және эксперименттер жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Практикалық және зерттеушілік жұмыстар, зертханалық тәжірибелер орындау, эксперименттер және эксперименттік есептер шығару, жобалар орындау, модельдер құрастыру барысында табиғи және әлеуметтік- экономикалық процестердің, құбылыстар мен заңдылықтардың мәнін түсіну тереңдетіледі.

Білім алушылар себеп-салдарлық байланыстарды көре білулері, қоршаған ортадағы өзгерістерді анықтай алулары, нақты жағдаяттардың салдарынан болатын қауіпті өзгерістердің алдын алу тәсілдерін ұсына алулары тиіс.

Оқу бағдарламаларында білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған зертханалық және практикалық жұмыстарды орындау қарастырылған, мысалы «Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау» практикалық жұмысы, «Тыныс алу процесін зерттеу» зертханалық тәжірибесі т.б.

Қазақстанның байлығы болып табылатын жанар май қоры мен минералдық ресурстар туралы білім алушыларға «Жаратылыстану» және

«География» пәндері курсынан өз білімдерін жинақтап қорытуға мүмкіндіктері бар. Жер қыртысының химиялық құрамы, кендерден металл өндіру негіздері мәселелері қарастырылады. Бұл тақырыпты зерделеу жансыз табиғатта өтіп жатқан процестер туралы білімдерін тереңдетуге, сондай-патриоттық сезімдерін оятуға мүмкіндік береді.

Оқу жылы ішінде химия пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктеріне төмендегідей тақырыптар ұсыныс ретінде беріледі:

Химияны оқыту практикасында заманауи дидактикалық тәсілдерді жүзеге асыру. Оқытудағы жүйелік әрекет және тұлғаға бағытталған тәсілдер. Білім алушылардың оқу-танымдық және ғылыми-зерттеу құзыреттерін дамыту. Пәнішілік және пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Белсенді және интербелсенді оқыту әдістерімен химия сабақтарында білім беру саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру тәсілдері.

Білім мен дағдыларды түзету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, өзін-өзі бағалау дағдыларын дамыту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру. Химия пәні бойынша оқу сабақтарында бақылау-бағалау процесінде білім алушылардың ұйымдастырушылық және білімділік қабілеттерін қалыптастыру. Білім алушылардың бірін-бірі бақылау, бірін-бірі бағалау, өзін-өзі бағалау, кері байланыс тәсілдерін тиімді пайдалану, пәнді оқытуда анықталған кемшіліктерді жою бойынша жүйелі жұмыстарды ұйымдастыру.

Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы «Химия» пәнін оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

Білім алушылардың ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігін дамыту және білім сапасын арттыру мақсатында химия сабақтарында және сабақтан тыс қызметте заманауи технологиялар мен электронды оқыту құралдарын пайдалану. Медиа білім беру құзыреттілігін қалыптастыру: талдау, бағалау, ақпаратты пайдалану, оны түсіндіру және жаңа мәселелерді шешу үшін қолдану дағдыларын дамыту. Компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, химиялық эксперименттерді модельдеу әдістері (виртуалды зертхана).

Академия педагогтерге білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу жағдайына әдістемелік ұсынымдамалар дайындады. Ұсынымдамалар Академияның сайтына орналастырылған.

Оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 55-кестеде берілген.

  • кесте. «Химия» пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны

Сынып

Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

7-сынып

1

1

1

1

8-сынып

1

1

1

1


2021-2022 оқу жылында білім алушылардың өткен оқу жылдарындағы біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру және жаңа оқу жылына арналған оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарының меңгерілуін қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыс жоспарын әзірлеу реті (әрбір пән мұғалімі үшін)

Жұмыс мазмұны

Диагностикалық жұмыс (I тоқсанның I аптасында)

1

Өткен оқу жылдарындағы химия оқу бағдарламасының оқу мақсаттары бойынша

әкімшілік диагностикалық бақылау жұмысын жүргізу (әртүрлі тест тапсырмалар, графиктер, диаграммалар, есеп шығару, жазбаша тапсырмалар)

2

Тақырыптар бойынша олқылығы бар оқушылардың санына байланысты өткен тақырыптардың ішінен қиындық тудырған тақырыптарды анықтау. Мысалықандай да бір тақырыпты меңгермеген оқушылардың саны көп болса, сол тақырып күрделі болып есептеледі. Мысалы, 9-сыныпта оқушы егер «нөлдік қосынды» әдісімен формуланы құрастыра алмаса, салыстырмалы молекулалық/формулалық массаны анықтап алмаса, заттар массасының сақталу заңын қолдана алмаса, қоспамен байланысты есептеуге берілген тапсырманы

шығара алмайды.

Жоспарлау жұмысы (I тоқсанның II аптасында)

3

Пәннің оқу бағдарламасы бойынша жаңа оқу жылында өтілетін тақырыптар мен оқу мақсаттарына сәйкес келетін өткен оқу жылдарындағы күрделі тақырыптар мен оқу мақсаттарын анықтау. Егер бағдарламада оқу мақсаттары, оқу сағаттарының саны бойынша өзгерістер болса, бұл жағдайды оқушылардың

біліміндегі олқылықтарды жою үшін жұмысты жоспарлау кезінде ескеру қажет.

4

Сәйкес келетін тақырыптар мен оқу мақсаттарын анықтағаннан кейін қысқа мерзімді сабақ жоспарларын мақсаттарды үйлестіре, кіріктіре отырып әзірлеу. Жаңа тақырыптар мен оқу мақсаттарын меңгеру үшін өткен оқу жылдарындағы тақырыптар бойынша білімінде олқылығы бар оқушыларға алдын ала дайындалып келуге берілетін тапсырмалар әзірлеу. Шағын жобаларды, презентацияларды, пікірталас түрінде өткізуге, ғылыми эссе жазуға және т. б

қосуға болады.

5

Пәннің оқу бағдарламасы бойынша жаңа оқу жылындағы тақырыптар мен оқу мақсаттарына сәйкес келмейтін өткен оқу жылдарының күрделі тақырыптары мен оқу мақсаттарын анықтау. Мысалы, «метанол мен этанолдың адам ағзасына физиологиялық әсерін түсіндіру», «аммиак өндірісінің үдерісін сипаттау» оқу

мақсаттары

6

Жаңа     бағдарламаға      сәйкес     келмейтін     өткен     оқу     жылдарының      күрделі тақырыптары     мен    оқу    мақсаттары     бойынша    білімінде     олқылықтары     бар

оқушылардың тізімін жасау және топтастыру

7

Білімінде        олқылықтары        бар       оқушылардың        топтарымен        өткізілетін

консультациялардың кестесін жасау

8

Білімінде олқылықтары бар оқушыларға өткізілетін кеңес беруді сәйкес келетін

жаңа тақырып пен оқу мақсатына сабақ жоспарлаудан бұрын өткізу

9

Білімінде олқылықтары бар оқушылардың топтарымен өткізілетін кеңес беру


кестелерін жоспарлау принциптері:

  • жаңа сабақтан бұрын кеңес беру;
  • жұмыс күндеріне сыймаған жағдайда сенбілік немесе жексенбілік кеңес беру;
  • II, III, IV тоқсандық каникул күндеріндегі кеңестер;
  • жазғы мектеп күндеріндегі кеңестер

10

Жаңа сабақтан бұрын кеңес өткізу топтарын анықтау, кестесін жасау

11

Сенбілік немесе жексенбілік кеңес өткізу топтарын анықтау, кестесін жасау

12

Каникул күндеріндегі кеңес өткізу топтарын анықтау, кестесін жасау

13

Жазғы мектеп күндеріндегі кеңес тақырыптарын анықтау, кестесін дайындау

14

Жаңа оқу жылында оқу пәндері бойынша білім алушылардың білім сапасына жүйелі мониторинг жүргізу кестесін және талдау жұмысының жоспарын дайындау (бұл жерде білім алушының өткен оқу жылы бойынша білімінің сапасы да, олқылықтары да көрінеді):

  • қыркүйектің екінші аптасы (диагностикалық әкімшілік бақылау);
  • бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) кестесі;
  • тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) кестесі.

Жүзеге асыру және талдау жұмысы (оқу жылы бойы)

15

Химия бағдарламасы бойынша оқу мақсаттары кіріктірілген қысқа мерзімді сабақ жоспарымен сабақты ұйымдастыру арқылы оқушылардың біліміндегі

олқылықтарын толықтыра отырып жаңа оқу мақсаттарына қол жеткізу

16

Жаңа сабақтан бұрын кеңес беру кестесі бойынша сабақ жүргізу арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып жаңа мақсаттарға қол

жеткізу

17

Жаңа     сабақтан     бұрын     сенбілік     немесе     жексенбілік     кеңес     беру    арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып жаңа мақсаттарға қол

жеткізу

18

Каникул күндерінде кеңес беру арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын

толықтыра отырып жаңа оқу мақсаттарына қол жеткізу

19

Жазғы мектеп күндеріндегі кеңес өткізу кестесі бойынша сабақ жүргізу арқылы

оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыру

20

Білім алушылардың білім сапасына жүргізілген жүйелі мониторинг жұмысының нәтижелерін:

  • диагностикалық бақылау жұмысының талдамалық есебін;
  • тоқсан бойынша жиынтық бағалау жұмысының талдамалық есебін

әдістемелік бірлестікте, әдістемелік кеңесте, педагогикалық кеңесте;

  • бөлім бойынша жиынтық бағалау жұмысының талдамалық есебін

әдістемелік бірлестікте;

  • оқу    жылының     қорытындысы     бойынша    талдамалақ     есепті    әдістемелік бірлестікте және педагогикалық кеңесте талдау және талқылау.


«Химия» пәнінен 8-9-сыныптарда кіріктіріп оқытуға болатын оқу мақсаттары

7-сынып

8-сынып

9-сынып

7.1.2.2 – әрбір элементтің химиялық таңбамен белгіленетіндігін және

белгілі атом түрі екенін білу

8.1.3.4 – алғашқы 20 химиялық элементтің электрондық конфигурациясын және

электронды – графикалық формулаларын жаза білу

9.1.4.6 – аммиактың молекулалық, электрондық және құрылымдық формулаларын түсіндіру

7.1.2.4 – заттарды

құрамына қарай жай

8.1.4.3 – заттар

қасиеттерінің кристалдық

9.1.4.8 – кремний, оның

диоксиді мен карбидіндегі

және күрделіге жіктеу

тор типтеріне тәуелділігін түсіндіру

химиялық байланыс түрін және кристалдық тор типін

сипаттау


8.2.1.3 – топтар мен периодтарда элементтер қасиеттерінің өзгеру

заңдылығын түсіндіру

9.2.1.8 – топта галогендер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын болжау


Ұсыныстар:

  1. ҚМЖ әзірлеу үшін кестеге сәйкес алдын ала кеңес беру үшін оқушылардың олқылықтары туралы ақпарат болуы керек.
  2. Сабақтар барысында оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарды толықтыру үшін сыныптар бойынша оқыту мақсаттарын кіріктіру (ішкі және сыныпаралық интеграция).
  3. Оқытудың жеке мақсаттары бойынша сенбі және жексенбі күндері кеңес беру кестесіне сәйкес сабақ-экскурсиялар ұйымдастыру. Мысалы, «кеннен металл алу процесін сипаттау», «синтетикалық жуғыш заттардың қоршаған ортаға әсерін түсіндіру»).
  4. Зерттеушілік сипаттағы зертханалық және практикалық жұмыстарды каникул және жазғы мектеп күндерінде консультация кестесіне сәйкес жүргізу.


«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ                                                                                          

«Жаратылыстану» білім саласы бойынша жаңартылған оқу бағдарламаларымен келесі пәндер оқытылады: «Физика», «География»,

«Биология», «Химия».

Жалпы орта білім беру деңгейінде оқытылатын «Физика», «Химия»,

«Биология», «География» пәндері бойынша оқу жүктемесі 80-кестеде көрсетілген.

Биылғы оқу жылында 10-11-сыныптың оқу жоспарында айтарлықтай ерекшелік бар. Жалпы білім беретін ұйымдардың 10-11-сыныптарында жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер таңдау бойынша емес, міндетті пән ретінде инварианттық бөлімге енгізілді.

10-11-сыныптарында жаратылыстану-математикалық және қоғамдық- гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша сағат сандары 80-кестеде берілген.

  • кесте. Оқу жүктемесінің көлемі

Жалпы орта білім беру деңгейінде оқытылатын «Физика», «Химия»,

«Биология»              және       «География»          пәндері        бойынша төмендетілген            оқу жүктемесімен             берілген       Үлгілік      оқу     бағдарламасы         ҚР     БҒМ     2020     жылғы

27 қарашадағы №496 бұйрығымен бекітілген.                            Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 қарашада № 21688 болып тіркелді.


Пандемиядан кейінгі дәстүрлі оқытуға көшудегі адаптация кезеңдері

Пандемия кейін білім алушылардың қашықтан оқу кезіндегі олқылықтарының орнын толықтыру үшін арнайы жоспар дайындау қажет.

Мұғалімдерге осы білім алушылардың білімі мен дағдыларындағы олқылықтар қай деңгейде және қай бөлімдерде екенін анықтап, оны қалай толықтыруға, қандай тұжырымдар мен процестерді қосуға болатынын алдын ала ойластыру қажет.

Оқушының нені және қай деңгейде білетінін тесттер, сауалнамалар немесе қарапайым әңгімелесу арқылы анықтау ұсынылады. Егер оқушы сабақта таныс жағдайларды қайталаса немесе сұрақтарға бірнеше рет жауап берсе, бұл сізге кәсіби маман ретінде, қандай дағдыларды игергенін көрсетеді және сіз оқытуды қандай бағытта ұйымдастыруды болжайсыз.

Қашықтан оқыту кезінде жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша зертханалық және тәжірибелік жұмыстардың өз деңгейінде орындалмауына әсер етті. Сондықтан білімдегі олқылықтарды толықтыру барысында зертханалық және тәжірибелік жұмыстарға көбірек көңіл бөлу ұсынылады.

Жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін оқытуды ұйымдастырудың келесі тәртібі ұсынылады.

Білімдегі олқылықтардың орнын толықтырудың кезеңдері

  1. қадам. Олқылықтарды анықтау.

Диагностика жүргізу керекДиагностикадан кейін білім алушылардың біліміндегі олқылықтар орын алған бөлімдер немесе тақырыптарды деңгейіне қарай күрделіден қарапайымға дейін жіктепбөлу қажетБірінші орында негізгі базалық білімдегі олқылықтарды ескеру керекмысалыжасушаның құрылысы мен химиялық құрамызат алмасубөліп шығарутыныс алу сияқты тірі ағзаларда жүретін процестер туралы білуі керекМектепте ғана емесжалпы өмірде бұл ұғымдар үнемі қажетсондықтан оларды бірінші кезекте меңгеру қажет.

  1. қадам. Уақытты белгілеңіз.

Анықталған олқылықтардың деңгейі мен оқу мазмұнының көлеміне қарай оған жұмсайтын уақытты жоспарлау қажетБір тақырыпқа бірнеше сағат керек немесе керісінше бір сабақтың ішіндегі белгілі бір уақыт жеткілікті болуы мүмкін.

Мысалы химиялық байланыс түрлеріне бір сағат жетсехимиялық реакциялардың жіктелуі өзара байланысты бірнеше кезеңдерден тұруы мүмкін т.с.с.

  1. қадам. Оқыту әдісін таңдау.

Білімдегі олқылықтарды толықтыру бойынша шараларды таңдау үш факторға байланысты:

  • өткізілетін материалдың көлемі;
  • жоспарланған уақыт мөлшері;
  • баланың жас және жеке ерекшеліктері.

Білімдегі олқылықтарды толықтыру жұмыстарының формалары

  1. Өзіндік жұмыстар

Тақырыпты және тапсырманы түсіндіре отырыпөз бетінше ізденуге тапсырма беру.

  1. Нақты мақсатқа бағытталған әрекет.

Егер жекелеген оқушы                              немесе сыныптағы шағын топ қолдауды қажет етсе нақты мақсатқа бағытталған қысқа сессиялар ұйымдастыру қажет.

  1. Сыныпты толық оқыту

Егер бүкіл сыныптың қажеттіліктері немесе олқылықтары шамалас болса бүкіл сыныпты қамтитындай жоспар жасау ұсыныладыОл үшін тақырыпты немесе бөлімді жоспарлағанда білім алушылардың жеке қасиеттері мен қабілеттерін ескеру қажет.

Білімдегі олқылықтарды толықтыруға бағытталған сабақтарды ұйымдастыру формалары

  • Таза ауадағы сабақтар

Жаратылыстанубиологиягеографияфизика сабақтарын баланың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету үшін арасында саябақтарда немесе ауладатаза ауада өткізу ұсынылады.

  • Чартерлік сабақтар

Жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды толықтыру үшін чартерлік сабақтар ұйымдастыруға боладыЧартерлік сабақтарды «Биология», «Химия», «Физика» пәндерінен зертханалықпрактикалық жұмыстар бойынша жүргізуге болады.

  • Оқу мақсаттарының үйлесімділігі

Олқылықтардың орнын толықтыру әрекетінің сабақтың жеке кезеңі ретінде жүргізілмейжаңа білімді игерудегі дәстүрлі канваға қосылуы.

Мысалы, «Биология» пәнінде 10-сыныпта «Жасушалық биология» бөліміндегі Жасуша органоидтерінің құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктеріЖасушаның негізгі компоненттері тақырыптарын қарастырғанда, 9-сыныптағы «Жасушалық биология» бөліміндегі жасушаның негізгі компоненттерінің қызметтерін қайталап өтуге болады.

Бөлімде жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша болжалды қиын тақырыптар тізімдері берілді.







«Химия» оқу пәні

Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Химия» пәнінен жаңартылған

мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы наурыздағы № 105 бұйрығымен бекітілген.

Алқоғамдық-гуманитарлықбағыттағы10-11-сыныптарғаарналған

«Химия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы «27» шілдедегі

№ 352 бұйрығымен бекітілген.

«Химия» пәнін оқытудың мақсаты - білім алушыларға зат және олардың айналымызаттар қасиеттерінің олардың құрамы мен құрылысына тәуелділігін түсіндіретін заңдар мен теориялар туралы білім жүйесін ұсынубілім алушыларға химиялық үдерістердің мағынасыннегізгі заңдар мен заңдылықтарды түсініполарды шынайы өмірде қауіпсіз қолдана алуғаақпаратты сыни бағалауға және шешім қабылдауға мүмкiндiк беру.

Негізгі міндеттері:

  1. заттар және олардың бір-бірімен әрекеттесу заңдылығы туралы білім жүйесін қалыптастыру ( фактілер, түсініктер, заңдар және теориялар);
  2. зияткерлік және экспериментальдық және зерттеушілік біліктер мен дағдылар түрінде іс-әрекеттердің танымал әдістерін жүзеге асыру тәжірибелерін қалыптастыру;
  3. жаңа проблемаларды шешуде жаңа бір жағдайда бұрын меңгерілген білім және білікті өз бетімен жаңғыртуды талап ететін шығармашылық, ізденіс іс-әрекеттер тәжірибесін қалыптастыру, танымал іс-әрекеттер негізінде жаңа әдісін қалыптастыру;
  4. қоғамның әрбір мүшесінің өмірлік проблемасын шешуге әсер ететін,

«Химия» пәнінің жиынтық үлесі болып табылатын өзекті және пәндік құзыреттіліктің қалыптасуында көрінетін, қоршаған ортаға қарым-қатынасын көрсететін адам әрекетінің объектіге немесе қаражатқа құнды және сындарлы қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастыру.

Оқу пәнінің мазмұны 5 бөлімнен тұрады:

  • заттардың бөлшектері;
  • химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары;
  • химиялық реакциялардың энергетикасы;
  • химия және қоршаған орта;
  • химия және өмір.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарда «Химия» оқу пәнінің төмендетілген оқу жүктемесіне арналған Үлгілік оқу бағдарламасында жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасында қарастырылатын бөлімдер толығымен қалдырылғантек қана оқу мақсаттарыныңзертханалық жұмыстар мен көрсетілімдердің санында айырмашылықтар бар (87-кесте).


 
  • кесте. Оқу мақсаттары, зертханалық жұмыстар мен практикалық жұмыстар саны

Сынып

Оқу мақсаттарының саны

Зертханалық жұмыстар

саны

Практикалық жұмыстар

саны

Жаңартылға н мазмұндағы

ҮОЖ

Төмендетіл ген ҮОЖ

Жаңартылғ ан мазмұндағ

ы ҮОЖ

Төмендеті лген ҮОЖ

Жаңартылғ ан мазмұндағы ҮОЖ

Төмендеті лген      оқу жүктемесі

не ҮОЖ

10

122

90

9

6

4

3

11

135

113

13

8

4

2


«Химия» пәні бойынша оқу бағдарламасы білім алушыларға химиялық үдерістердің өту жағдайларын түсінуге және алған білімдері мен дағдыларын шынайы өмірде қолдануға үйретуді көздейді. Бағдарлама химиялық процестердің, заңдардың, заңдылықтардың мәні мен рөлін және оларды күнделікті өмірде қауіпсіз қолдану ережелерін білуге бағытталған.

Химияны оқыту білім алушыларды олардың айналасында болып жатқан химиялық құбылыстардың мәнін түсінуге ынталандырады.

Пәнді оқытудағы оқу-танымдық қызметтерге талдау және жинақтау, тәжірибе, сызбалармен жұмыс істеу, мәселерлерді шешу сияқты әрекеттер кіреді.

Жаңартылған мазмұндағы бағдарлама ерекшеліктерінің бірі – теориядан гөрі тәжірибеге қарай бағытталуы болып табылады. Білім алушыға химиялық білім беріп қана қоймай, алған білімдерін болашақта өмірінде қолдана алатындай жағдай жасау. Оны жүзеге асыру үшін жаттанды білім бермей, өз қолдарымен тәжірибе жасауға баулу. Жаңартылған бағдарламада қауіпсіз зертханалық сынақтар, тәжірибелік жұмыстар, көрсетілімдер, үйдегі химиялық ғылыми тәжірибелерді ұйымдастыру және жүргізу арқылы зерттеу дағдыларын және функционалдық сауаттылықты қалыптастыру қарастырылған.

Кестеде қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған зертханалық және практикалық жұмыстардың саны берілген (88-кесте).


2021-2022 оқу жылында білім алушылардың өткен оқу жылдарындағы біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру және жаңа оқу жылына арналған оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарының меңгерілуін қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыс жоспарын әзірлеу реті

(әрбір пән мұғалімі үшін)

Жұмыс мазмұны

Диагностикалық жұмыс (I тоқсанның I аптасында)

11

Өткен оқу жылдарындағы химия оқу бағдарламасының оқу мақсаттары бойынша әкімшілік диагностикалық бақылау жұмысын жүргізу (әр түрлі тест тапсырмалар, графиктер, диаграммалар, есеп шығару бар жазбаша

тапсырмалар)

12

Тақырыптар бойынша олқылығы бар оқушылардың санына байланысты өткен тақырыптардың ішінен қиындық тудырған тақырыптарын анықтауМысалықандай да бір тақырыпты меңгермеген оқушылардың саны көп болса, сол тақырып күрделі болып есептеледі.

Мысалы, 9 сыныптың оқушы қоспамен байланысты есептеуге берілген тапсырманы шығара алмайды, егер «нольдік қосынды» әдісімен формуланы құрастыра алмаса, салыстырмалы молекулалық/формулалық массаны анықтап алмаса, заттар массасының сақталу заңын қолдана алмаса.

Жоспарлау жұмысы (I тоқсанның II аптасында)

13

Пәннің оқу бағдарламасы бойынша жаңа оқу жылында өтілетін тақырыптар мен оқу мақсаттарына сәйкес келетін өткен оқу жылдарындағы күрделі тақырыптар мен оқу мақсаттарын анықтау

Егер бағдарламада оқу мақсаттары, оқу сағаттарының саны бойынша өзгерістер болса, бұл жағдайды оқушылардың біліміндегі олқылықтарды жою үшін жұмысты жоспарлау кезінде ескеру қажет.

14

Сәйкес келетін тақырыптар мен оқу мақсаттарын анықтағаннан кейін қысқа мерзімді сабақ жоспарларын мақсаттарды үйлестіре, кіріктіре отырып әзірлеу. Жаңа тақырыптар мен оқу мақсаттарын меңгеру үшін өткен оқу жылдарындағы тақырыптар бойынша білімінде олқылығы бар оқушыларға алдын ала дайындалып келуге берілетін тапсырмалар әзірлеу. Шағын

жобаларды, презентацияларды, пікірталас түрінде өткізуге, ғылыми эссе жазуға және т. б қосуға болады.

15

Пәннің оқу бағдарламасы бойынша жаңа оқу жылындағы тақырыптар мен оқу мақсаттарына сәйкес келмейтін өткен оқу жылдарының күрделі тақырыптары мен оқу мақсаттарын анықтау.

Мысалы, оқу мақсаттар «метанол мен этанолдың адам ағзасына физиологиялық әсерін түсіндіру», «аммиак өндірісінің үдерісін сипаттау».

16

Жаңа    бағдарламаға     сәйкес    келмейтін    өткен    оқу  жылдарының      күрделі тақырыптары мен оқу мақсаттары бойынша білімінде олқылықтары бар

оқушылардың тізімін жасау және топтастыру

17

Білімінде      олқылықтары       бар     оқушылардың       топтарымен      өткізілетін

консультациялардың кестесін жасау

41

Білімінде олқылықтары бар оқушыларға өткізілетін кеңес беруді сәйкес

келетін жаңа тақырып пен оқу мақсатына сабақ жоспарлаудан бұрын өткізу

19

Білімінде олқылықтары бар оқушылардың топтарымен өткізілетін кеңес беру

кестелерін жоспарлау принциптері:

  • жаңа сабақтан бұрын кеңес беру;
  • жұмыс күндеріне сыймаған жағдайда сенбілік немесе жексенбілік кеңес беру;
  • II, III, IV тоқсандық каникул күндеріндегі кеңестер;

 


- жазғы мектеп күндеріндегі кеңестер

20

Жаңа сабақтан бұрын кеңес өткізу топтарын анықтау, кестесін жасау

21

Сенбілік немесе жексенбілік кеңес өткізу топтарын анықтау, кестесін жасау

22

Каникул күндеріндегі кеңес өткізу топтарын анықтау, кестесін жасау

23

Жазғы мектеп күндеріндегі кеңес тақырыптарын анықтау, кестесін дайындау

24

Жаңа оқу жылында оқу пәндері бойынша білім алушылардың білім сапасына жүйелі мониторинг жүргізу кестесін және талдау жұмысының жоспарын дайындау (бұл жерде білім алушының өткен оқу жылы бойынша білімінің сапасы да, олқылықтары да көрінеді):

  • қыркүйектің екінші аптасы (диагностикалық әкімшілік бақылау);
  • бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) кестесі;
  • тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) кестесі.

Жүзеге асыру және талдау жұмысы (оқу жылы бойы)

25

Химия бағдарламасы бойынша оқу мақсаттары кіріктірілген қысқа мерзімді сабақ жоспарымен сабақты ұйымдастыру арқылы оқушылардың біліміндегі

олқылықтарын толықтыра отырып жаңа оқу мақсаттарына қол жеткізу

26

Жаңа сабақтан бұрын кеңес беру кестесі бойынша сабақ жүргізу арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып жаңа мақсаттарға

қол жеткізу

27

Жаңа сабақтан  бұрын  сенбілік  немесе  жексенбілік  кеңес     беру     арқылы

оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып жаңа мақсаттарға қол жеткізу

28

Каникул      күндерінде      кеңес      беру     арқылы      оқушылардың      біліміндегі

олқылықтарын толықтыра отырып жаңа оқу мақсаттарына қол жеткізу

29

Жазғы мектеп күндеріндегі кеңес өткізу кестесі бойынша сабақ жүргізу

арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыру

30

Білім     алушылардың     білім     сапасына     жүргізілген     жүйелі     мониторинг жұмысының нәтижелерін:

  • диагностикалық бақылау жұмысының талдамалық есебін;
  • тоқсан бойынша жиынтық бағалау жұмысының талдамалық есебін

әдістемелік бірлестікте, әдістемелік кеңесте, педагогикалық кеңесте;

  • бөлім бойынша жиынтық бағалау жұмысының талдамалық есебін

әдістемелік бірлестікте;

  • оқу жылының қорытындысы бойынша талдамалақ есепті әдістемелік бірлестікте және педагогикалық кеңесте талдау және талқылау.

 

Химия пәні,    7 сынып 

Аптасына: 1 сағат,    барлығы:  34 сағат


Р/с

Ауыспалы тақырыптар

Сабақтар тақырыбы

Оқу мақсаттары

Cағат саны

Мерзімі

Ескерту


І тоқсан 






1

7.1.А химия пәніне кіріспе.

Таза заттар және қоспалар.

Химия пәні.

№1 практикалық жұмыс 

«Қауіпсіздік техникасының ережелері  және зертханалық

құрал-жабдықтармен танысу»

7.1.1.2 -химиялық лабораторияда және кабинетте жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін білу және түсіну

1



2

Заттар және олардың қасиеттері.

7.4.1.3 -элемент (жай зат), қоспа және қосылыс түсініктерін ажырата алу

1



3

Таза зат және қоспалар.

 №1 зертханалық  тәжірибе «Заттар қоспалары мен олардың қосылыстарын салыстыру»

7.4.1.4 -қосылыстардың және элементтердің физикалық қасиеттері туралы алған білімдерін қоспа құрамындағы таныс емес заттарды ажыратуға қолдана алу

1



4

Қоспаларды бөлу әдістері.

№2 зертханалық  тәжірибе «Ластанған  ас тұзын тазарту»

7.4.1.5 -қоспалардың түрлерін және оларды бөлу әдістерін білу

1



5

7.1.В Заттардың агрегаттық күйінің өзгеруі


Физикалық және химиялық құбылыстар.

№3 зертханалық  тәжірибе 

«Химиялық реакциялардың белгілері»

7.1.1.3 -физикалық және химиялық құбылыстарды ажырату

1



6

Заттардың агрегаттық күйлері

7.1.1.4 -заттардың әртүрлі агрегаттық күйлерін білу және бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан қатты, сұйық, газ тәріздес заттардың құрылымын түсіндіру

1



7

Салқындау үдерісі

№ 4 зертханалық тәжірибе «Салқындау үдерісін зерттеу» 

БЖБ

7.1.1.5 -салқындау үдерісін зерделеу, салқындау қисығын салу және оны талдау,     бөлшектердің кинетикалық теориясына сай, өз бақылауларын түсіндіру

1



8

Қыздыру үдерісі

№5 зертханалық  тәжірибе 

«Судың қайнау үдерісін зерттеу». 

Қайталау.

7.1.1.6 -судың қайнау үдерісін зерделеу, қыздыру қисығын салу және оны талдау, бөлшектердің кинетикалық теориясын пайдалана отырып, өз бақылауларын түсіндіру

1





ІІ тоқсан






9

7.2.А Атомдар. 

Молекулалар. Заттар.

Атомдар мен молекулалар.

Жай және күрделі заттар

7.1.2.1 -атомдар мен молекулалардың айырмашылығын білу.

7.1.2.4 -заттарды құрамына қарай жай және күрделіге жіктеу

1



10

Химиялық элементтер. 



7.1.2.2 -әрбір элементтің химиялық таңбамен белгіленетіндігін және белгілі атом түрі екенін білу

7.1.2.3 -элементтерді металдар мен бейметалдарға жіктеу

1



11


Атомның  құрамы     мен құрылысы. 

Изотоптар

7.1.2.5 -протон, электрон, нейтронды және олардың атомдағы орналасу тәртібін, массасын зарядын білу

7.1.2.6 -алғашқы 20 элементтің атом құрылысы (p+, n0, e-) мен атом ядросының құрамын білу;

7.1.2.7 -изотоп түсінігін білу

1



12

Атомның  құрамы     мен құрылысы.  

Изотоптар


7.1.2.5 -протон, электрон, нейтронды және олардың атомдағы орналасу тәртібін, массасын зарядын білу

7.1.2.6 -алғашқы 20 элементтің атом құрылысы

 (p+, n0, e-) мен атом ядросының құрамын білу; 

7.1.2.7 -изотоп түсінігін білу

1



13

7.2.В Ауа.

Жану реакциясы

Ауа. Ауаның құрамы

№6 зертханалық  тәжірибе «Балауыз шамның  жануы»

7.3.1.1-ауа құрамын білу;

7.3.1.2 -заттардың жану кезінде ауаның құрамына кіретін оттектің жұмсалатындығын білу

7.3.1.3 -атмосфералық ауаны ластанудан қорғаудың маңызын түсіну

1




14

Жану үдерісі.

Негіздік және қышқылдық оксидтердің түзілуі.

БЖБ

7.3.1.4 -затты жағуға қажетті жағдайларды және жану реакциясының өнімдерін білу

7.3.1.5 -тез тұтанатын, жанғыш және жанбайтын заттарға мысалдар келтіру

1



15

№ 2 практикалық жұмыс

 «Күкірттің, фосфордың, темірдің ауада және оттекте жануын салыстыру».


7.3.1.6  -заттардың таза оттекте жақсырақ  жанатындығын түсіну

7.3.1.7 -металдар мен бейметалдардың жануы кезінде оксидтер түзілетіндігін  білу


1



16



Білімді қайталау, жалпылау


1




ІІІ тоқсан






17

7.3.А Химиялық реакциялар.


Табиғи қышқылдар мен сілтілер. Индикаторлар

7.3.4.1 -«қышқылдық» және «сабындылық» қасиеттер кейбір табиғи қышқылдар мен сілтілердің белгілері болуы мүмкін екендігін білу

7.3.4.2 -химиялық индикаторлар метилоранж, лакмус, фенолфталеинді және олардың әртүрлі ортадағы түстерінің өзгеруін білу

1



18

Қышқылдардың химиялық қасиеттері.

№7 зертханалық  тәжірибе «Ерітінділердің қышқылдық, сілтілік ортасын анықтау».

№8 зертханалық  тәжірибе «Хлорсутек қышқылының бейтараптану реакциясы»

7.3.4.3 -рН шкаласы  негізінде әмбебап индикаторды қолданып, сілтілер мен қышқылдарды анықтай алу

7.3.4.4 -«антацидтік заттарды» қолдану мысалында қышқылдардың бейтараптануын түсіну

1



19

Қышқылдардың металдармен әрекеттесуі.

№9 зертханалық  тәжірибе 

 «Мырыштың сұйылтылған 

тұз қышқылымен әрекеттесуі». 

№10 зертханалық  тәжірибе 

«Сутекке сапалық реакция»

7.2.2.1 -сұйылтылған қышқылдардың қолдану аяларын және олармен жұмыс жасау ережелерін атау

7.2.2.2 -сұйылтылған қышқылдардың әртүрлі металдармен реакцияларын зерттеу және сутек газының сапалық реакциясын жүзеге асыру

1



20


Қышқылдардың карбонаттармен әрекеттесуі.

№ 3 практикалық жұмыс

«Сұйылтылған қышқылдар 

мен карбонаттардың әрекеттесуі. Көмірқышқыл газына сапалық реакция»

7.2.2.4 -кейбір карбонаттардың сұйылтылған қышқылдармен реакцияларын зерттеу жәнекөмірқышқыл газының сапалық реакциясын жүзеге асыру


1



21

7.3.В химиялық элементтердің     

периодтық кестесі.


Химиялық элементтердің жіктелуі

7.2.1.1 - И.Дёберейнер, Дж. Ньюлендс,  

Д.И. Менделеевтің еңбектерінің мысалында элементтердің жіктелуін білу және салыстыру


1



22

Периодтық кестенің құрылымы.

Химиялық элементтердің табиғи ұялас топтары.

7.2.1.2 -периодтық кестенің құрылымын  білу және сипаттау: топтар мен периодтар

1



23

7.3.С салыстырмалы атомдық масса және қарапайым формула.


Салыстырмалы атомдық масса

7.1.2.8 -Жердегі элементтердің басым бөлігі планеталардың қалыптасу кезінде пайда болған изотоптар қоспасы түрінде кездесетіндігін түсіну

7.1.2.9 -табиғи изотоптары бар химиялық элементтердің атомдық массалары бөлшек сан болатындығын түсіну

7.1.2.10 -салыстырмалы атомдық массаның анықтамасын білу 

1



24

Валенттілік. 

Химиялық формулалар.

Қосылыстардың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептеу. 

БЖБ

7.1.2.11 -элементтердің атауларын, валенттілікті және олардың қосылыстардағы атомдық қатынастарын қолдана отырып, биэлементті химиялық қосылыстардың формулаларын дұрыс құра білу

1



25

Валенттілік. 

Химиялық формулалар.

Қосылыстардың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептеу. 

7.1.2.11 -элементтердің атауларын, валенттілікті және олардың қосылыстардағы атомдық қатынастарын қолдана отырып, биэлементті химиялық қосылыстардың формулаларын дұрыс құра білу

1



26

Қосылыстардың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептеу

7.1.2.12 -химиялық қосылыстың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық/ формулалық массасын есептеу

         1




IV тоқсан





27

7.4.А. Адам ағзасындағы химиялық элементтер.

Тағам құрамындағы қоректік заттар.


7.5.1.1 -тағам өнімдерін химиялық  заттардың жиынтығы деп түсіну;


1



28


Тағам құрамындағы қоректік заттар.

№ 4 практикалық жұмыс

 «Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау»

7.5.1.2 -тағамдық өнімдердің бір қатарын: көмірсулар (крахмал), нәруыз, майларды білужәне анықтай алу

1



29

Адам ағзасындағы химиялық элементтер.

Тыныс алу үдерісі.

№11 зертханалық  тәжірибе 

«Тыныс алу үдерісін зерттеу»

7.5.1.3 -адам ағзасына кіретін элементтерді

 (О, С, Н, N, Ca, P, K) білу; 

7.5.1.4 -тыныс алу үдерісін түсіндіру

1



30

 7.4.В Геологиялық химиялық қосылыстар.

Пайдалы геологиялық химиялық қосылыстар

7.4.2.1 -Жер қыртысында көптеген пайдалы химиялық қосылыстар барын түсіну;

1



31

Кен құрамы


7.4.2.2 -кейбір минералдар мен пайдалы табиғи қосылыстардың кендерге жататынын білу; 

7.4.2.3 -металды алу үшін кенді өңдеу үдерісін сипаттау

1



32

Қазақстанның пайдалы қазбалары

7.4.2.4 -Қазақстан қандай минералды және табиғи ресурстармен бай екендігін және олардың кен орындарын білу;

1



33

Минералдарды өндірудің экологиялық аспектілері

7.4.2.5 -Табиғи ресурстарды өндірудің қоршаған ортаға әсерін зерделеу

1



34

Білімді қорытындылау.


1
















Химия пәні,    8 сынып

Аптасына: 2 сағат,   барлығы:  68 сағат


Р/с

Ауыспалы тақырыптар

Сабақтар тақырыбы

Оқу мақсаттары

Cағат саны

Ескерту


І тоқсан





1



8.1А Атомдағы  электрондардың 

      қозғалысы  

 (5 с.)

Атомда электрондардың таралуы 


8.1.3.1 -атомда электрондар ядродан арақашықтығы артқан сайын біртіндеп энергетикалық деңгейлер бойынша таралатынын түсіну

1




2


 Энергетикалық деңгейлер.

№ 1зертханалық     тәжірибе «Атомдар  модельдерін жасау»

8.1.3.2 -әрбір электрон қабатында электрон саны нақты максимал мәннен аспайтынын түсіну.

8.1.3.3-s және р орбиталдарының пішінін білу

1



3

Элементтің электрондық конфигурациясын және электронды – графикалық формулары

8.1.3.4 -алғашқы 20 химиялық элементтің электрондық конфигурациясын және электронды – графикалық формуларын жаза білу

1




4


Иондардың түзілуі


8.1.3.5 -атомдар электрондарды қабылдай  немесе жоғалта алатынын және осының  нәтижесінде иондар түзілетінін түсіну

1




5

Қосылыстар формуласын  құрастыру 

БЖБ

8.1.3.6 -«нольдік қосынды» әдісімен қосылыстардың формуласын құрастыру

1



6



8.1В      Заттардың  формулалары  және химиялық реакция теңдеулері  (5с.)

Химиялық формулалар бойынша есептеулер

8.2.3.1 -заттар құрамындағы элементтердің массалық үлесін табу, элементтердің массалық үлесі бойынша заттардың формуласын шығару

1




7






Химиялық реакция теңдеулерін құру. Зат масссасының сақталу заңы. №1көрсетілім «Зат массасының сақталу заңын дәлелдейтін тәжірибе». 

№2 зертханалық     тәжірибе 

«Әрекеттесуші заттардың қатынасы».

Химиялық реакция теңдеулерін құру

8.2.3.2-әрекеттесетін заттар қатынасын эксперименттік жолмен анықтау; 

8.2.3.3 –реакцияға қатысатын және түзілетін заттардың формуласын жаза отырып, химиялық реакциялар теңдеулерін құру;

1



8

№1көрсетілім «Зат массасының сақталу заңын дәлелдейтін тәжірибе». 

№2 зертханалық     тәжірибе 

«Әрекеттесуші заттардың қатынасы»   

8.2.3.4 зат массасының сақталу заңы

1



9

Химиялық реакция типтері

8.2.2.1 -бастапқы және түзілген заттардың саны мен құрамы бойынша химиялық реакцияларды жіктеу

1



10


Табиғаттағы және тірі ағзалар мен адам тіршілігіндегі химиялық реакциялар 

БЖБ

8.2.2.2-табиғаттағы және тірі ағзалар мен адам тіршілігіндегі химиялық реакцияларды сипаттау;

1



11


12


8.1С     Металдар белсенділігін 

салыстыру  

 (5 с.)

Металдардың оттекпен  және сумен әрекеттесуі.

№2көрсетілім «Белсенді металдардың салқын және ыстық сумен әрекеттесуі»

Металдардың оттекпен  және сумен әрекеттесуі.

8.2.4.1 -кейбір металдар басқаларға қарағанда тотығуға тезірек ұшырайтындығын білу;

8.2.4.2 -белсенді металдардың салқын сумен, ыстық су немесе бумен әрекеттесуін сипаттау;

88.2.4.3 -металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды зерттеу;

1


1




13






Металдардың қышқыл ерітінділерімен әрекеттесуі.

№3зертханалық     тәжірибе «Металдардың қышқылдар ерітінділерімен  әрекеттесуі»

Металдардың қышқыл ерітінділерімен әрекеттесуі.

8.2.4.4 -қышқыл ерітінділерімен әртүрлі  металдардың реакцияларын зерттеу

8.2.4.5 -металдардың қышқылдармен  әрекеттесуінің реакция теңдеулерін құрастыру

1






14



Металдардың тұз ерітінділерімен реакциялары.

№3 көрсетілім

 «Тұз ерітінділерінен металдарды ығыстыру» 

8.2.4.6 -металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуінің жоспарын жасау және жүргізу



1




15


Металдардың белсенділік қатары.

 БЖБ

8.2.4.7 -эксперимент нәтижесі бойынша металдардың белсенділік қатарын құру және оны анықтама мәліметтерімен сәйкестендіру

8.2.4.8-металдардың белсенділік қатарын қолданып  металдардың таныс емес орынбасу реакцияларының жүру мүмкіндігін болжау

1



16


Тоқсандық жиынтық бағалау



1



17



Металдардың белсенділік қатары.

№1 практикалық жұмыс 

«Металдардың белсенділігін салыстыру»

№1 практикалық жұмыс 

«Металдардың белсенділігін салыстыру»

8.2.4.7 -эксперимент нәтижесі бойынша металдардың белсенділік қатарын құру және оны анықтама мәліметтерімен сәйкестендіру

8.2.4.8-металдардың белсенділік қатарын қолданып  металдардың таныс емес орынбасу реакцияларының жүру мүмкіндігін болжау 

1




ІІ тоқсан





18

8.2А

Зат мөлшері


Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны.Заттардың молярлық массасы

8.1.1.1 -зат мөлшерінің өлшем бірлігі ретінде –мольді білу және Авогадро санын білу

8.1.1.2 қосылыстың молярлық массасын есептей алу

1



19


Масса, молярлық масса және зат мөлшері арасындағы байланыс

8.1.1.3 -масса, зат  мөлшері және құрылымдық бөлшектер санын есептеу 

1



20

8.2В Стехиометриялық  есептеулер

Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару

8.2.3.5 -химиялық реакция теңдеулері бойыншазаттың массасын, зат мөлшерін есептеу

1



21


Авагадро заңы.Молярлық көлем.

8.2.3.6 -Авогадро заңын білу және қалыпты және стандартты жағдайлардағы газдар көлемін есептеуде молярлық көлемді қолдану

1



22


23

Газдардың салыстырмалы тығыздығы.

Көлемдік  қатынас заңы. БЖБ

8.2.3.7 -газдардың салыстырмалы тығыздығын және заттың молярлық массасын салыстырмалы тығыздық бойынша  есептеу

8.2.3.8 -газдардың қатысуымен жүретін реакциялар бойынша есептер шығаруда газдардың көлемдік қатынас заңын қолдану

1


1



24




8.2C

Химиялық  реакциядағы энергиямен танысу

Отынның жануы және энергияның бөлінуі


8.3.1.1 -заттың жану  реакциясының өнімі көбінесе оксид екенін және     құрамында көміртегі бар отын оттекте жанғанда, көмірқышқыл газы, иіс газы немесе көміртек түзілетінін түсіну

8.3.1.2 -парниктік эффекттің себептерін түсіндіру және шешу жолдарын ұсыну

1



25

Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар.

№4 зертханалық  тәжірибе «Энергияның өзгеруімен жүретін химиялық реакциялар»

БЖБ

8.3.1.3 -экзотермиялық реакциялар жылу бөле жүретінін, ал эндотермиялық реакциялар жылу сіңіре жүретінін білу

8.3.1.4 –әртүрлі жанғыш заттардың     қоршаған ортаға әсер ету салдарынтүсіну

1



26



Термохимиялық реакциялар


8.3.1.5 -энергия өзгерісін бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру

1



27


8.2D  Сутек. 

Оттек және озон. (4 с.)


Сутек, алынуы, қасиеттері және қолданылуы.

№2 практикалық жұмыс «Сутекті алу және оның қасиеттерін тану»

8.4.2.1 -сутекті алу және оның қасиеттері мен қолданылуын зерттеу

1



28




Оттек, алынуы, қасиеттері, қолданылуы.

№4 көрсетілім «Сутек пероксидінің ыдырауы». 

8.4.2.2 -ауа құрамындағы және жер қыртысындағы оттектің пайыздық мөлшерін білу


1





29

№3 практикалық жұмыс «Оттекті алу және оның қасиеттерін тану»

8.4.2.3 -оттекті алу  және оның 

 қасиеттері мен қолданылуын зерттеу

1



 30

Оттек және озон

БЖБ

8.4.2.4 -оттектің аллотропиялық түрөзгерістерінің құрамы мен қасиеттерін салыстыру

8.4.2.5-Жер бетіндегі озон қабатының маңызын түсіндіру

1



 31

Тоқсандық жиынтық бағалау


1



32


Білімді жүйелеу


1




ІІІ тоқсан






33


8.3АХимиялық элементтердің  периодтық     жүйесі    

Химиялық  элементтердің  периодтық жүйесінің  құрылымы

8.2.1.1 -топ, период,  атом  нөмірінің     физикалық мәнін түсіндіру

1



34



35

Химиялық элемент   атомдарының қасиеттері  мен  кейбір     сипаттамаларының  периодты түрде өзгеруі

8.2.1.2 -бір топтағы элементтердің сыртқы электрондық деңгейінде электрондар санының бірдей болатындығын түсіну

8.2.1.3 -топтар мен периодтарда элементтер қасиеттерінің заңдылықпен өзгеретінін түсіндіру

1


1



36



Периодтық жүйедегі орны  бойынша элементтің сипа-сы

8.2.1.4 -периодтық жүйедегі орны бойынша  химиялық элементті сипаттау

1



37






Химиялық элементтердің табиғи ұяластары және олардың қасиеттері

8.2.1.5 -химиялық қасиеттері ұқсас элементтердің бір топқа жататындығын дәлелдеу; 

8.2.1.6 -химиялық элементтердің табиғи ұяластарын білу және сілтілік металдар, галогендер, инертті элементтердің ұяластарына мысалдар келтіру

1



38


Металдар және  бейметалдар

БЖБ

9.2.1.7-химиялық элементтің периодтық кестеде орналасуына сай қасиеттерін болжау

1



39


40

8.3В    Химиялық  байланыс түрлері  (6с.)

Электртерістілік. 

Ковалентті байланыс

8.1.4.1 -электртерістілік ұғымы негізінде атомдар арасындағы ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіру

1


1



41


42

Иондық байланыс


8.1.4.2 -иондық байланыстың түзілумеханизмін сипаттау және иондық қосылыстардың қасиеттерін болжау

1


1



43


44

 Кристалдық тор түрлері,    

 байланыс типтері және заттардың  қасиеттері арасындағы өзара  байланыс 

БЖБ

8.1.4.3 -заттар қасиеттерінің кристалдық тор типтеріне тәуелділігін түсіндіру 

1


1



45




8.3С   Ерітінділер және ерігіштік       

(7 с.)


Заттардың суда еруі.

№5 зертханалық  тәжірибе «Заттардың ерігіштігін зерттеу» 

8.3.4.1 -заттарды судағы ерігіштігі бойынша жіктеу

8.3.4.2 -ерітінділердің табиғаттағы және күнделікті өмірдегі маңызын түсіндіру

1



46



47











Заттардың ерігіштігі.

№4 практикалық жұмыс «Қатты заттардың ерігіштігіне температураның     әсері»

8.3.4.3 -заттың ерігіштігіне температураның әсерін түсіндіру

8.3.4.4 -буландыру техникасын қолдана отырып, заттың 100 г судағы ерігіштігін есептеу, алынған нәтижелерді анықтамалық мәндермен салыстыру

1


1



48


Еріген заттың массалық үлесі 

8.3.4.5-еріген заттың массалық үлесі мен ерітіндінің белгілі массасы бойынша еріген заттың массасын есептеу

1



49

Ерітіндідегі заттардың молярлық концентрациясы.

8.3.4.6-ерітіндідегі заттың молярлық концентрациясын есептеу

1



50

№5практикалық жұмыс

 «Пайыздық және молярлық концентрациялары берілген ерітінділерді дайындау» БЖБ

8.3.4.6-ерітіндідегі заттың молярлық концентрациясын есептеу

1



51

Тоқсандық жиынтық бағалау


1



52


Білімді жалпылау


1




ІV тоқсан






53




8.4А     Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары.

Генетикалық  байланыс.

Оксидтер.


8.3.4.7 -оксидтердің жіктелуін және  қасиеттерін білу, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру

1





54

Оксидтер.

№6зертханалық  тәжірибе 

«Оксидтердің қасиеттерін зерттеу» 

8.3.4.7 -оксидтердің жіктелуін және  қасиеттерін білу, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру

1



55


56


Қышқылдар.

№ 7 зертханалық  тәжірибе «Қышқылдардың қасиеттерін зерттеу» 

8.3.4.8-қышқылдардың жіктелуін, қасиеттерін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру

1


1



57


58

Негіздер.

№8зертханалық  тәжірибе

«Негіздердің қасиеттерін зерттеу» 

8.3.4.9-негіздердің жіктелуі мен қасиеттерін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру

1


1



59



60

Тұздар. 

№9зертханалық  тәжірибе 

«Тұздардың қасиеттері және алынуы» 

8.3.4.10-тұздарды алудың әртүрлі әдістерін білу, сәйкес реакция теңдеулерін құрастыру

 8.3.4.11-тұздардың қасиеттерін, жіктелуін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру

1



1



61

Бейорганикалық қосылыстар  арасындағы     генетикалық байланыс БЖБ

8.3.4.12-бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланысты  

зерттеу 

1



62




8.4В     

Көміртек және оның  қосылыстары    

Көміртектің  жалпы сипаттамасы.

 Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістері

8.4.3.1 -көміртек неліктен көптеген қосылыстарында төрт байланыс түзетінін түсіндіру

8.4.3.2 -табиғатта көміртек және оның қосылыстарының таралуын сипаттау

8.4.3.3 -көміртектің аллотропиялық түрөзгерістерінің құрылысын және қасиеттерін салыстыру 

8.4.3.4 -көміртектің аллотропиялық түрөзгерістерінің  қолданылу аймағын зерттеу

1




63





64





Көміртектің  қасиеттері.

№6 практикалық жұмыс 

«Көміртектің физикалық және химиялық қасиеттері».

 БЖБ

8.4.3.5 -көміртектің физикалық және химиялық  қасиеттерін зерттеу 

8.4.3.6 -көміртек жанған кезде  көміртек диоксиді мен көміртек монооксидінің түзілу жағдайларын сипаттау және тірі ағзаларға иіс газының физиологиялық әсерін түсіндіру; 

1



Көміртектің оксидтері. 

№7практикалық жұмыс

 «Көмірқышқыл газын алу және оның қасиеттерін зерттеу» 

8.4.3.7 -көмірқышқыл газын ала алу, оны анықтау және қасиеттерін зерттеу

8.4.3.8  -көміртектің табиғаттағы  айналымын құру және түсіндіру

1





65

8.4С

Су (2 с.)

Табиғаттағы су


8.4.2.6 -судың табиғатта кең таралғандығын, бірегей қасиеттерін және оның өмір үшін маңызын түсіндіру

8.4.2.7 -судың табиғаттағы айналымын түсіндіру

1



66

Судың ластану себептері.

Судың кермектігі.

№10зертханалық  тәжірибе 

«Судың кермектігін анықтау»

 БЖБ

8.4.2.8 -судың ластануының қауіптілігі мен себебін анықтау, суды тазарту әдістерін түсіндіру

8.4.2.9 -судың «кермектігін» анықтау және оны  жою тәсілдерін түсіндіру

8.4.2.10 -суды сусыз мыс (ІІ) сульфатын қолданып анықтау тәсілін білу

1



67

Тоқсандық  жиынтық бағалау


1



68


Білімді қайталау 


1