Мекеме тарихы » М.Мақсатов атындағы Ұзынтам орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Мақсатов атындағы Ұзынтам негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 35-0-25
Есепші бөлімі:
+7(72778) 35-0-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2021

Мекеме тарихы

Мекеме тарихы


         Ұзынтам көне ауылдардың бірі. Ол шағын ауыл болып, алғашқыда он жанұядан құрылып, бұрынғы С.М.Киров атындағы колхоздың қарамағына кірген. Қазір Тиірмен ауылдық округінің құрамында.

       Ұзынтам шағын ауыл боғандықтан  оттызыншы  жылдардың басында бірінші мектеп ашылды. 1932-1934 жылдары Жәлә Қадыров мұғалім болған.   

        1946 жылдан 1978 жылға дейін Мәсим Мақсатов мұғалім болған. 

 Ол бұл мектептің негізінсалуда көп еңбек еткен. Күндіз балаларды оқытса, түнде үлкендерді оқытқан. 1970-1980 жылдары Киров колхозы 5-6 бөлмелік мектеп салған. Бұл мектепте 1-4 сынып аралығындағы бастауыш сынып оқушылары білім алған. 1978-1979 жылдарда Һезимов Рамзан мұғалім болып жұмыс атқарды.

     1980 жылдан бастап Итаков Ахмет және Эшанкулова Зархал ауылдағы бастауыш сыныптарға сабақ берген. Кейінірек Ұзынтамның жер-суына қызыққан тұрғындар ауылға көшіп келіп, әр түрлі шаруашылықпен айналысқан.Сол себептен бала санының өсіуне байланысты 1982 жылы орта мектеп болып, оқушы саны 74-ке дейін жеткен. 1992-1997 жылдар аралығында мектеп ұйғыр сыныптарымен қатар бастауыш қазақ сыныбыда болған.

     1992-1997 жылдар аралығында мектепте  Итаков Ахмет басшылық қызметін  жасаған. 1997 жылы оқушылардың азайып кетуіне байланысты, мектеп қайтадан бастауыш мектеп болып қалған.

      1998 жылы қайтадан негізгі мектеп болып құрылып, басшылыққа Тиірмен ауылының тұрғыны Жалилов Летип жұмыс жасаған. Мектепке жоғары білімді педагог кадырлар тартылып, тұрақтана бастады. Оқушылар саны 70-80 ге жетіп, ал 9-сыныпты бітірген оқушылар көрші Шырын, Тиірмен, Шонжы ауылдарына қатнап оқыған.

   2003 жылы 12 қыркүйектен бастап орта мектеп болып, 10 сынып, 8 комплектімен ашылған. Бастауыш сыныптарда бала санының толмауынан 1-3,2-4 сыныптар біріктіліп оқытылған.

2002 жылдың қараша айынан, 2005 жылдың тамызына дейін А.Ақбалаев, 2005-2006 жылдары М.Ходжаев басқарды.

2006-2014 жылдар аралығында А.Итаков басқарып келіп, құрметті демалысына шаққаннан кейін 2014-жылдан бастап Абдрахманов Абдувает Абдрашитович басқарып келеді.

Мектеп ғимараты 1995 жылы салынған.Бір қабатты 10 кабинеттен тұрады.Оның ішінде пән кабинеттері-7.Мектепте асхана, спорт зал, актовый залдар қарастырылмаған, бейімделген мектеп.Ауыз су тасымалданады.Мектеп ішінде 2021 жылдан бастап жылы дәретханалар іске қосылған.Мектеп ғимараты 2002 жылы  ЗАО «Полигон ЖБИ» және  ЗАО «Исыкпромстрой» тарапынан күрделі ремонттан өткен.Мектеп 2015 жылының 2 қарашаға дейін орта мектеп болған, бала санына байланысты аудан әкімінің №11-312 02.11.2015 жылғы қауылсына сәйкес «М.Мақсатов атындағы негізігі мектеп» болып өзгертілген.

2021-2022 оқу жылының басында жалпы бала саны 41.

Мұғалімдер саны-19

Оның ішінде: педагог-сарапшы-3

                         Педагог-модератор-5

                         ІІ санат-4

                         Санаты жоқ-7

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстан өткен   мұғалімдер 81 % құрайды.


Похожие публикации: