Адалдық сабақтары » М.Мақсатов атындағы Ұзынтам орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Мақсатов атындағы Ұзынтам негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 35-0-25
Есепші бөлімі:
+7(72778) 35-0-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
апрель
2021

Адалдық сабақтары

"ШӘКӘРІМ ӨСИЕТІ – АДАЛДЫҚ АЙНАСЫ" ТАҚЫРЫБЫНДА АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы» тақырыбында кезекті онлайн адалдық сағаты өтті.
Ұлтымыздың көрнекті өкілдерінің бірі, дала ойшылы атанған философ ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында дүниеге келген. Абай негізін салған жаңа сипаттағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі.
Шәкәрім – жарты ғасырдан астам шығармашылық өмірінде әдебиеттің барлық жанрында жемісті еңбек еткен қайраткер. Ол адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді ерекше жырлады. Қазақ қауымына адал еңбек етіп, бойына білім нұрын сіңіріп, сол арқылы биік жетістікке жетсін деген ой тастайды.
Онлайн-дәріс барысында жастар ақынның адами құндылықтар туралы философиялық ойларымен танысты.
Ақын «Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, ғибадат пен адалдық ар үшін жи», – деп, бақыттың өзі адалдыққа негізделетінін айта келіп, парасатты тұлға болып қалыптасу үшін адам бойындағы асыл қасиеттердің бірлікте болуы керектігін ашып көрсеткен.
Шәкәрімнің асыл ойлары адалдық, әділдік, ынсап, әділет, мейірім сияқты асыл қасиеттерді кірлетпеуге негізделген.
Ақын жастарға білімдіден ғибрат алуға, ақылмен ойлап іс қылуға, «құлқынның құлы болмай», «адамдық борыш – ар үшін қызмет ет», – деп өсиет еткен.
Шәкәрім өсиеті қазіргі өркениетті заманда да өз құндылығын жоймады, ол барша адамзаттың жан дүниесінің айнасы болуы қажет. Замандас жастардың міндеті – дала ойшылының жырлап өткен ар, борыш, адалдық сындық қасиеттерін бойында қалыптастыра білуі.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен бейне-сабақ республикалық және өңірлік телеарналар эфирінде көрсетіліп, сондай-ақ Агенттіктің Youtube-арнасында және әлеуметтік желілерде орналастырылды.

Бейне-дәріске сілтеме:
https://www.youtube.com/watch?v=9-2UHkyi-gI&feature

ТАНЫМАЛ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН КЕЗЕКТІ «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ» ӨТТІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жас тұлғалар, өз саласының көшбасшыларының қатысуымен кезекті онлайн «Адалдық сағатын» өткізді.
Бүгінгі бейне-дәрістердің кейіпкерлері жас ғалым, ғылым докторы және 9 патенттің иегері Евгений Золотухин және талантты журналист, журналистер одағының мүшесі Мейіржан Әлібекұлы болды.
«Ғылымдағы парасаттылықтың рөлі қандай?» – осы сұраққа Қостанай облысының ірі өңірлік жоғары оқу орнының табысты оқытушысы, жатып сығымдаудан спорт шебері және үлгілі отағасы Евгений Золотухин бес минуттық роликте жауап берді.
Бейне-дәріс барысында ол жас көрермендерге ғылымда алғашқы қадамдарын қалай жасағандығы, оның кумирі кім екендігі және білім беру саласындағы жетістік жақындардың қолдауымен, командалық жұмыссыз мүмкін еместігі туралы айтты.
М.Әлібекұлы да парасаттылық пен адалдық туралы ойымен бөлісті.
Мейіржанды көпшілік ұлттық арнадағы жексенбілік сараптамалық «Апта.kz» бағдарламасын жүргізген кезінен таниды. Қазақстанның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік дамуы туралы кәсіби репортаждарымен де танымал. Бүгінде ол «Qazaqstan» РТРК» АҚ-ның Жамбыл облыстық филиалын басқарады.
Бейне-дәріс барысында М.Әлібекұлы «парасатты адамды білімі, терең ойлары, игі істері ерекшелендіреді» деп атап өтті.
Әр түрлі қызмет салаларында еңбек ететін екі түрлі тұлға, елдің екі патриоты бір дауыспен жастарды оқуға, еңбек етуге, дамуға, жақындары мен достарын құрметтеуге, Отанын сүюге шақырды.
Естеріңізге сала кетейік, «Адалдық сағаты» бірыңғай республикалық акциясы аясында еліміздің түкпір-түкпіріндегі оқушылар мен студенттер белгілі отандастарымыздың шығармашылығы мен табыс тарихын зерделеп, адалдық және парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру мәселелерін талқылап, сондай-ақ мәдениет, ғылым, спорт, өнер және т. б. салалардағы өзекті жаңалықтармен танысады.
«Адалдық сағаты» аясында Қазақстанның танымал тұлғаларын тарта отырып, жастар арасында парасаттылық идеологиясын ілгерілету жалғастырылатын болады.

Мейржан Әлібекұлымен бейне-дәріске сілтеме:
https://www.youtube.com/watch?v=aKjFbH7VbUE&list=PLvN9UMfEpeunSj5iXGTaI9CFjkGNXE2UN&index=3
Евгений Золотухинмен бейне-дәріске сілтеме:
https://www.youtube.com/watch?v=zwNsXMyd2RY&feature=youtu.be

Похожие публикации: